Мектебімізде қазыналы қарттарымызға, ардагер ұстаздарымызға және ұзақ жылдар бойы білім ордамызда абыройлы қызмет атқарған құрметті тұлғаларымызға арналған мерекелік концерт өтті.
Eңбегімен мектебіміздің тарихын қалыптастырған, талай шәкіртке бағыт-бағдар берген ардагер ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың белгісі болды.
Қариясы бар үйдің – қазынасы бар. Ұлағатты ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілейміз!
Сіздердің өнегелі жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі.




























































































