«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Күздің берекелі шағын бірге қарсы алайық!

25 қыркүйек күні сағат 14:00-де мектебімізде дәстүрлі «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтеді!

Жәрмеңкеде күзгі өнімдер, үй тағамдары, тәттілер мен түрлі дәмділер ұсынылады. Оқушыларымызды, ата-аналарымызды және мектеп ұжымын белсенді қатысуға шақырамыз!

Жәрмеңкеге қатысушыларға маңызды ескерту: балалардың қауіпсіздігі мен санитариялық талаптарды сақтау мақсатында мектеп аумағында сатуға тыйым салынған өнімдерді әкелуге болмайды.

Кремі бар кондитерлік өнімдер; майонез немесе қаймақ қосылған күрделі салаттар; саңырауқұлақ тағамдары; фритюрде қуырылған өнімдер; гамбургер, хот-дог, пицца, наггетс; чипсы, дәмдеуіш қосылған кептірілген нан өнімдері; газдалған және энергетикалық сусындар; кетчуп, ащы тұздықтар мен ащы дәмдеуіштер.

Бұл талаптар білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану қауіпсіздігіне қатысты қолданыстағы санитариялық талаптарға негізделген.

«Күзгі асар» – береке, бірлік және мейірім мерекесі! Баршаңызды жәрмеңкеден күтеміз!

Өтетін орны: мектеп ауласы. Уақыты: 25 қыркүйек, 14:00.