Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында 9–11 сынып білім алушыларына арналған танымдық дәріс өтті.
Кездесуге Қостанай академиясы ІІМ ҚР-ның УИС қызметкерлерін экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша қайта даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі Туйганов Мырзабек Сардарбекович арнайы келіп, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме жүргізді.
Дәріс барысында экстремистік идеологияның алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік, сыни ойлау және жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қозғалды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі жауапты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.





























































































