«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ директоры Ержанова Ырсалды Сиелхановнаны білім беру саласындағы жемісті еңбегі мен кәсіби қызметі үшін Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

29 жылдық еңбек жолын білім саласына арнаған Ырсалды Сиелхановна – білікті басшы, тәжірибелі педагог, дарынды оқушыларды қолдау мен білім сапасын арттыруға үлес қосып келе жатқан кәсіби маман.

Ырсалды Сиелхановна – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатының, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірқатар марапаттарының иегері.

Бұл марапат – Ырсалды Сиелхановнаның көп жылдар бойы өңірдің білім беру саласына қосқан елеулі үлесі мен табанды еңбегінің жемісі.

Құрметті Ырсалды Сиелхановна!

Басшылық жолыңыз абыройлы, еңбегіңіз жемісті болсын! Ұжымның жетістігі мен шәкірттеріңіздің биік белестері Сізге әрдайым қуаныш сыйласын. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге жаңа белестер тілейміз!