«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байтасова Ботагоз Шаяхметовнаны «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!

35 жылдық ұстаздық жолын білім мен тәрбиеге арнаған Ботагоз Шаяхметовна - кәсіби шеберлігімен, ізденімпаздығымен және дарынды оқушылармен нәтижелі жұмысымен ерекшеленген білікті ұстаз.

Ұстаздың шәкірттері жылдар бойы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, биік белестерді бағындырып келеді. Бұл - ұстаз еңбегінің, табанды ізденісінің және шәкірт жүрегіне жол таба білген кәсіби шеберлігінің айқын нәтижесі.

Ботагоз Шаяхметовна - «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, Қостанай облысы әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаттарының және бірқатар кәсіби марапаттардың иегері.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы – ұстаздың сан жылғы адал еңбегіне, кәсіби шеберлігіне және білім саласына қосқан зор үлесіне берілген лайықты баға.

Құрметті Ботагоз Шаяхметовна!

Сізді осынау биік марапатпен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы әрдайым еңбегіңіздің жемісі болсын. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық шабыт және ұстаздық жолыңызда толағай табыс тілейміз!