Мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ана арасындағы өзара серіктестікті нығайту, білім алушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігін арттыру және ортақ құндылықтарды қалыптастыру.
Жиналыс барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
«Мектеп тынысы: білім, тәрбие, мүмкіндіктер, құндылықтар және нәтижелер». Баяндамашы: мектеп директоры Ержанова Ы.С.
«2026–2027 оқу жылында оқу қызметін тиімді ұйымдастыру». Баяндамашы: мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Касыбаева А.Т.
«2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары. “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы». Баяндамашы: мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абдигалиев Н.У.
«Жаңа орта – жаңа мүмкіндік: 5-сынып білім алушыларының бейімделуі». Баяндамашы: мектеп психологі Умуртаева Г.А.
Бала тәрбиесі – тек мектептің немесе ата-ананың ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Балаға дұрыс бағыт беріп, қолдау көрсету – оның жарқын болашағына жасалған ең маңызды қадам.




























































































