Мектебімізде 5-сынып оқушыларын қабылдауға арналған ерекше мерекелік кеш өтті!
Жаңа білім ордасына қадам басқан жас бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Кештің ең маңызды сәттерінің бірі — 5-сынып оқушыларының салтанатты ант қабылдауы болды. Мектептің дәстүрі мен құндылықтарын құрметтеуге, білімге ұмтылуға және әрдайым биіктен көрінуге уәде берді.
Бүгіннен бастап олар — біздің үлкен мектептің бір бөлшегі!
Қош келдіңіздер, 5-сынып оқушылары!
Мектеп жолдарыңыз қызықты сәттерге, жарқын жетістіктерге және әдемі естеліктерге толы болсын!




























































































