Жаңалықтар
29 наурыз күні Арқалық қаласындағы «Арқалық қазақ Жасөспірімдер театрында» Торғайдың топ жарғаны, халық ақыны - Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығына арналған «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысында Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп гимназия-интернатының 6 "б" сынып оқушысы Шұғыла Аманбек үздік өнер көрсетіп, жүлделі II орынды жеңіп алды. Жетекшісі– ҚР мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы педагогикалық шеберлік мектебі аясында 2023 жылғы 28 наурызда «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Федоров және Қарабалық аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша дарынды балалармен жұмыстағы заманауи педагогикалық технологиялар» атты көшпелі семинар (бұдан әрі – семинар) өткізді.
«Тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың міндетті шарты ретінде отбасы мен мектеп арасындағы байланыс» тақырыбында өткен педагогикалық кеңес туралы ақпарат
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ 2023 жылғы 27 наурызда «Тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың міндетті шарты ретінде отбасы мен мектеп арасындағы байланыс» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты - осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтап, мектеп пен отбасының өзара ынтымақтасу жұмысын жетілдіру жолдарын қарастыру.




























































































